Закир Сафиуллин Өзбекстандағы қазақ боксшысынан ұтылды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Закир Сафиуллин Өзбекстандағы қазақ боксшысынан ұтылды
Фото ©️ Данияр Майлыбаев

Бокстан Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан лицензиялық турнирде қос қазақ спортшысы кездесті. 63 килоға дейінгі салмақта Закир Сафиуллин финалда Өзбекстандағы қандасымыз Елнұр Әбдірайымовқа жол берді.

БӨЛІСУ

33 жастағы Закир тәжірибесі мол екенін бірінші раундтан бастап-ақ байқатты. Шабуылда ширақ қимылдап, қорғаныста сақ болған. Екінші раундта да басым болғандай көрінген. Бірақ төрешілер ұпайын Өзбекстан құрамасы боксшысына берді. Үшінші раундта боксшылар ашық шайқас өткізді. Дегенмен төрешілер үш раунд бойынша 3:2 есебімен жеңісті Елнұрға сыйлады. 

Айта кетейік, Закир Сафиуллин осыған дейін Токио Олимпиадасы жолдамасын иеленіп үлгерген еді. Төрешілер шешімі бойынша финалда есе жіберген қазақстандық боксшы жарыстың күміс жүлдегері атанды.