Закир Сафиуллин жартылай финалға жетінші болып шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Закир Сафиуллин жартылай финалға жетінші болып шықты
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына Закир Сафиуллин ұлттық құрама сапындағы жетінші боксшы болып шықты. Осыған дейін алты былғары қолғап шеберіміз финал үшін өтетін жекпе-жекке жолдама алып үлгерген болатын.

БӨЛІСУ

60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Закир Сафиуллин ширек финалда Қытай елінің боксшысы Гук Чол Квоннан басым түсті. Соққыларын дәл тигізе білген қазақстандық боксшының үш төреші де жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, осыған дейін жартылай финалға Василий Левит (91 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Олжас Сәттібаев (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және Иван Дычко (91 келі) шыққан болатын. Жартылай финалдық жекпе-жектер 4 қыркүйек күні өтеді.