Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева карьерасында алғаш рет Уимблдонның үшінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БӨЛІСУ
Юлия Путинцева екінші айналымда 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, "Үлкен дулыға" турнирінің жұптық сын бойынша сегіз дүркін жеңімпазы, чехиялық теннисші Катержина Синякованы (36 WTA) 6:0, 4:6, 6:2 есебімен ұтты.
Қазақстандық теннисші матч кезінде бір эйс жасады және жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.
Юлияның келесі қарсыласы Ига Швентек (1 WTA, Польша) - Петра Мартич (85 WTA, Хорватия) кездесуінің жеңімпазы болмақ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!