Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция ашық біріншілігі ("Роллан Гаррос") турнирінің 1/8 финалына шықты.
Доданың үшінші айналымында отандасымыз қытайлық Ван Цянмен кездесіп, 1:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте қазақстандық теннисші 0:4, ал үшінші сетте 0:3 есебімен жеңіліп тұрып, жеңіске бастар жолды таба білді. Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.
WTA рейтингінде Юлия Путинцева 98 сатыда тұрса, Цян 85-орында. Бұл ойыннан кейін екі теннисшілер арасындағы кездесудің жалпы есебі теңесті (1:1).
"Ролан Гаррос-2018" турнирінің төртінші айналымында Юлия Путинцеваның Катерина Синякова мен Барбара Стрыцова арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.