Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева спорттық мансабында алғаш рет Франция ашық біріншілігінің («Rolland Garros») ширек финалына дейін шықты. Ал оған дейін төрт теннисшіні жарыс жолынан шығарған еді.
«Rolland Garros» - «Үлкен дулыға» санатына жататын әлемдегі ең ірі теннис турнирлерінің бірі. Қаржылай сыйақы қоры да жоғары. Мәселен жарысқа қатысқаны үшін 30 000 евро көлемінде сыйақы қарастырылған.
Юлия Путинцева ширек финалға дейінгі жетістігі үшін 303 500 евро көлемінде табысқа кенелді. Нәтижесінде спортшы өз мансабындағы алғашқы ірі қомақты сыйақысына кенеліп отыр.
Айта кетейік, Юлия Путинцева алғашқы кезеңде канадалық Александра Вознякты, одан кейін неміс теннисшісі Андреа Петковичті, үшінші кезеңде италиялық Карин Кнаппты, 1/16 финалда Карло Суарес Наварроны ұтқан болатын. Ширек финалда әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямсты бірінші сетте жеңгенмен, кейінгі екі сетте есе жіберіп алды.
Қазақстандық теннисші алда жаңартылатын WTA рейтингінде әлемнің үздік 40 теннисшісінің қатарына қосылады. Сондай-ақ Риодағы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндігі бар. Онымен қоса Азияның нөмірі бірінші теннисшісі атанып отыр.
теннис
- Басты
- Жаңалықтар
- Юлия Путинцева «Роллан...