Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатын жеңіспен бастады
Фото ©️ ru.sputniknews.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Аустралия ашық чемпионатын (Austrlian Open) жеңіспен бастады.

БӨЛІСУ

Юлия бірінші кезеңде британдық теннисші Хизер Уотсонды ұтты. Бірінші сетте 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте 4:1 есебімен ұтылып тұрып, жеңіске бастар жолды таба білді. Нәтижесінде бұл сетте 7:6 есебімен басым түсіп, екінші кезеңге шықты. Ойын 2 сағат 18 минутқа созылды.

23 жастағы қазақстандық теннисші WTA рейтингінде 54-орында орналасқан. Жекелей кездесулер бойынша 2:1 есебімен Юлия алға шықты.

Юлия Путинцева екінші кезеңде румын Анна Богданмен кездеседі. Ол WTA рейтингінде 111-орында тұрған теннисші.

Айта кетейік, бүгін таңда қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Зарина Дияс бірінші айналымда қарсыластарына есе жіберіп, жарысты аяқтаған болатын.