Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мельбурнде өтіп жатқан Австралия ашық чемпионатының («Australian Open») екінші айналымында жеңіске жетті. Отандасымыз үшінші кезеңде ресейлік Маргарита Гаспарянмен кездеседі.
Қазақстандық теннисші екінші кезеңде қытайлық Синьюнь Ханьды ұтты. Юлия Путинцева бұл кездесудің айқын фавориті болатын. Бірінші сетте 6:3 есебімен, екінші сетті 6:1 есебімен аяқтады.
Үшінші кезеңде Юлия Путинцева Маргарита Гаспарянмен кездеседі. Ресейлік теннисші WTA рейтингінде 58-ші орында. Ал отандасымыздың нәтижесі одан 18 орынға төмен. 2014 жылы Астанада өткен Президент кубогында Маргарита Гаспарян Юлия Путинцеваны жеңіп кеткен еді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева бірінші кезеңде жарыстың фавориттерінің бірі Каролин Возняцкиді жарыс жолынан шығарған болатын. Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» санатындағы додалардың үшінші кезеңіне алғаш рет шығып отыр.