Юлия Путинцева Australian Open жарысын жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Юлия Путинцева Australian Open жарысын жеңіспен бастады
Фото ©️ Talks.su

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Үлкен дулыға" санатындағы Аустралия ашық чемпионатын (Australian Open) жеңіспен бастады.

БӨЛІСУ

Мельбурндағы жарыстың бірінші ойынында отандасымыз чех қызы Барбора Стрыцовамен кездесті. 1 сағат 55 минутқа созылған ойында Юлия 6:4 және 7:6 (7:1) есебімен жеңіске жетті.

Юлия Путинцева 1/32 финалда швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі. Ол алғашқы ойында чех теннисшісі Катержина Синяковадан басым түсті.

Екі теннисші осыған дейін екі рет кездескен. Екі ойында да Юлия қарсыласын ұтқан.