Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Мельбурнда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатындағы «Australian Open» халықаралық турнирін үшінші кезеңде аяқтады. Отандасымыз ресейлік Маргарита Гаспаряннан айласын асыра алмады.
1 сағат 33 минутқа созылған ойын екі сеттен кейін аяқталды. Бірінші сетте қазақстандық теннисші 6:3 есебімен ұтылса, екінші сет де 6:4 есебімен ресейлік теннисшінің пайдасына шешілді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева «Australian Open» турнирінің бірінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкиді, екінші кезеңде қытайлық Хань Синьюньды (162-ракетка) жеңген болатын. Қазақстандық теннисші «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың үшінші кезеңіне алғаш рет шығып отыр. Спорттық мансабындағы ірі жетістіктердің бірі деп бағалауға болады.