Юлия Галышева Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Юлия Галышева Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева фристайл могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем кубогының соңғы кезеңінде жеңіс тұғырына шықты.

БӨЛІСУ

Суперфиналда Юлия 79,69 ұпай иеленіп, алтын медаль жеңіп алды. 79,11 ұпайға ие болған француз қызы Перрин Лаффон екінші орыннан көрінді. Үздік үштікті канадалық фристайлшы Жюстин Дюфур-Лапуант (76,64 ұпай) түйіндеді.

Ерлер арасында жапон спортшысы Икума Хорисима жеңіске жетті. Ол 81,72 ұпайға ие болды. Екінші орынды канадалық Микаэль Кингсбери (79,37 ұпай) иеленді. Қола медальды швед Вальтер Вальберг (78,67 ұпай) еншіледі.

Ертең параллельді могулдан жарыс өтеді. Юлия Галышева жарақатына байланысты жарыс жолына шықпайды.

Айта кетейік, 26 жастағы қазақстандық спортшы ақпан айында АҚШ-та өткен әлем чемпионатында могулдан мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанған болатын.