Фристайлдан Австрияның Крейшберг қаласында фристайл мен сноудбордтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева екілік могул сынында қола жүлдегер атанды.
Алғашқы алтылықтан көрініп жүрген отандасымыз әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарына қосыла алмай жүрген еді. Бүгін Юлия Галышеваға қола жүлде бұйырды. Ол 1/8 финалда кореялық Жан Хво Сюді 35:0 есебімен, ширек финалда канадалық Эндрю Робихаудты 21:14 нәтижесімен ұтты. Ал жартылай финалда америкалық Ханна Керниманнан 17:18 есебімен ұтылып қалды. Қола жүлде үшін өткен сында отандасымыз канадалық Клот Лапуант Дюфурды 18:17 есебімен жеңіп шығып, қола жүлдені еншіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Юлия Галышева могулден өткен бәсекеде бесінші орынды қанағат тұтқан болатын.
Сурет: sports.kz