Ыстыбаев пен Нұғымаров екі дүркін "Қазақстан Барысы" атану мүмкіндігінен айырылды

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Ыстыбаев пен Нұғымаров екі дүркін "Қазақстан Барысы" атану мүмкіндігінен айырылды

"Қазақстан Барысы-2014" турнирінде екі бірдей сенсациялық жеңіс орын алды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Кілемге "Қазақстан Барысы-2013" деген атағымен шыққан Шығыс Қазақстан облысының үміті Айбек Нұғымаров 1/8 финалдық белдесуде Қызылорда облысының палуаны Руслан Әбдіразақовқа ешкім күтпеген жерден тізе бүкті. 117 келі тартқан Әбдіразақов өзінен 20 келіге ауыр атақты қарсыласынан еш қаймықпай, таза жеңіспен ширек финалға жолдама алды.

1

Тағы бір ел күтпеген жеңіске Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсынов жетті. Ол 2012 жылғы "Қазақстан Барысы" атанған Бейбіт Ыстыбаевтың жауырынын жерге тигізді.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: sports.kz