Маусым айының орта тұсында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданына қарасты Ақсуат ауылында қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы əлемдік Гран-При турнирі өтті. Бүгін Qazsport арнасында байрақты бəсекенің арнайы көрсетілімі өтеді.
БӨЛІСУ
Биыл алтыншы рет ұйымдастырылған жарыста 25 мемлекеттен келген балуандар бақ сынады. Германия, Хорватия, Швейцария, Эстония мен Израиль елдерінен келген күрес бақылаушылары əділқазылық жасады.
Аталған турнир Қазақстан бойынша əлемдік лицензиясы бар бірден-бір жарыс болып саналады. Ұлттық күресімізді насихаттаған айрықша жарысты QazSport арнасынан бүгін кешкі сағат 22:20-да тамашалай аласыздар!