«Манчестер Юнайтед» командасын жеңгеннен кейінгі қуанышын туиттердегі аккаунты арқылы бөлісуді жөн көрген «Манчестер Сити» ойыншысы Яя Туре нәсілшілдігіне тиетін пікірді оқып, налып отыр. Ағылшындық «Челси» командасының жанкүйері жанына бататын сөздер жазып, Турені туиттер желісімен өкпелетті. Қазір пікір жазған адамды іздестіруді полиция қызметкерлері бастап кетті.
2013 жылы «ЦСКА» командасының жанкүйерлерінен осындай сөз естіп, ұзақ дауға қалған Туренің басынан бүгін де дәл осындай оқиға өтіп отыр. Мұндай олқылықтар ақ нәсілділер мен қара нәсілділер арасында жиі ұшырасып жүр. Мысалға алар болсақ, «барселоналық» Суарес пен «манчестер юнайтедтік» Патрис Эвра арасында дау туындаған болатын.
Сурет: vk.com