«Манчестер Сити» командасының ивуарлық жартылай қорғаушысы Яя Туре британдық ВВС медиакорпорациясының нұсқасы бойынша 2013 жылдағы Африканың үздік футболшысы болып танылды.
Жанкүйерлер дауыс берген ВВС сайтында Яя Туре жеңіске жетті. Одан кейінгі орындарда Джон Оби Микел ( «Челси»), Жонатан Питруап ("Ренн"), Пьер-Эмерик Обамеянг ("Боруссии Д") орналасқан.
- Бұл марапат мен үшін өте құрметті атақ. Дауыс беру футбол федерацияларының президенттері мен бапкерлер арасында өткен жоқ, жанкүйерлер арасында болды. «Манчестер Сити» командасымен бірге бірнеше атаққа қол жеткіздім. Ал бұл марапаттың мен үшін орны бөлек – деді футболшы.
30 жастағы жартылай қорғаушы 2013 жылы ағылшын премьер-лигасында 25 кездесу өткізіп, 7 допты қарсылас қақпасында тулатқан. Сонымен қатар Кот-д'Ивуар ұлттық құрамасын Әлем чемпионатына шығуына да тер төкті.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: uefa.ru