Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова WTA-ның жаңартылған нұсқасы бойынша, екі сатыға жоғарылап, үздік отыздыққа қайта оралды.
Ал еліміздің екінші ракеткасы саналатын Ксения Первак 73-сатыдан, 72-сатыға көтерілді. Тағы да бір отандасымыз Юлия Путинцева өзінің жеке рекордын орнатты. Ол алғаш рет өзінің спорттық ғұмырында 97-орынға жайғасты. Галина Воскобоева болса, 109-сатыда қалды.
WTA-ның бұл аптадағы қорытындысы бойынша, алғашқы ондықта бір өзгеріс орын алды. Франция елінің теннисшісі Марион Бартоли кестедегі оныншы сатыны бұл жолы дат қызы Каролин Возняцкиге берген екен. Көшбасшылықты беларусь қызы Виктория Азаренко ұстап келеді. Екінші орында Серена Уильямс болса, үздік үштікті ресейлік Мария Шарапова қорытындылап тұр.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz