Ярослава Шведова «Ролан Гарростың» жұптық кезеңінде жартылай финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ярослава Шведова «Ролан Гарростың» жұптық кезеңінде жартылай финалға шықты
Фото ©️ http://emageogroup.com/

Теннистен Франция ашық біріншілігінің («Rollan Garros») жұптық кезеңінде бақ сынап жатқан қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен австралиялық Кейси Делакуа жартылай финалға шықты.

БӨЛІСУ

Ширек финалда Ярослава Шведова мен Кейси Делакуа Нидерланды және Чехия елінің намысын қорғайтын теннисшілер Михаэль Крайчек пен Барбора Загловова-Стрыкованы жеңді. 1 сағат 20 минутқа созылған ойынның бірінші сетінде 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетті 7:5 нәтижесімен аяқтады. Жұп құрап өнер көрсетіп жатқан қазақстандық және австралиялық теннисшілер жартылай финалда Сильвия Солер-Эспиноcа/Мария-Тереса Торро-Флор және Екатерина Макарова/Елена Веснина жұптарының жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, Ярослава Шведова мен Кейси Делакуа жұбы мамыр айында өткен Мадридтегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын.