Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Колумбияның Богота қаласында өтіп жатқан «Copa Colsanitas» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыз ширек финалда Пуэрто-Рика елінің теннисшісі Моника Пуигті жеңді.
Ярослава Шведова бірінші айналымда украиналық теннисші Марина Заневскаядан 6:4, 6:7(5), 6:2 есебімен басым түскен болатын. Екінші айналымда АҚШ елінің теннисшісі Сачия Викериді 6:0, 6:2 есебімен ұтты. Ал ширек финалда жарыстың екінші ракеткасы Моника Пуигті 7:6(1), 6:2 нәтижелерімен жеңді. Енді отандасымыз жартылай финалда колумбиялық теннисші Марино Дуке және Израиль елінің теннисшісі Юлия Глушко арасындағы ойында жеңіске жеткенімен кездеседі.
Естеріңізге сала кетейік, Ярослава Шведова бұл жарысқа 2012 жылы қатысып, іріктеуден бастаған. Кейін ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде венгриялық Тимеа Бабоштан жеңілген еді. Биыл жарыстың жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрап отыр.
Сурет: zimbio.com