Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова Мельбурн қаласында өтіп жатқан Аустралия ашық біріншілігінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жарыстың екінші айналымында ол өзбекстандық Денис Истоминмен жұп құрап, қытай-мексикандық дуэт Ян Цзы - Сантьяго Гонсалесті 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Шведова мен Истоминнің келесі қарсыласы испандық жұп Нурия Льягостера Вивес - Давид Марреро және Лизел Хубер (АҚШ) - Макс Мирный (Беларусь) арасындағы матч қорытындысы бойынша белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Шведова Australian Open-2013 жарысында Қазақстан атынан жарысты жалғастырып жатқан жалғыз теннисші.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: kursiv.kz