Якоб Фульсанг «Астана» велокомандасын 2013 жылғы Тур де Франс көпкүндігіне капитан ретінде бастап барады.
«Якоб Франция жеріне капитан ретінде баратын болады. Сонымен қатар келер маусымда ол Париж-Ницца және Дофине қалаларында өтетін жарыста да елордалық команданың капитандық қызметін атқармақ», - дейді «Астана» командасының бас менеджері Джузеппе Мартинелли.
Фульсанг Тур де Франс додасына «RadioShack-Nissan» командасының сапында жүргенде-ақ бара алар еді. Бірақ, ол кезде Якоб жарақат алып қалады. Кейін команданың бас менеджері Йохан Брюнелмен сөзге келіспей, маусымаралық үзілісте қазақстандық «Астана» велокомандасымен үш жылдық шартнамаға келіседі.
«Мүмкін бұл менің Тур де Франс додасындағы бірінші әрі соңғы жарысым болар. Сондықтан да алдағы маусымда Франция жерінде мүмкіндігінше сәтті өнер көрсетуге тырысамын», - дейді Якоб Фульсанг.
Айта кетейік, осымен жүзінші рет өткелі жатқан «Тур де Франс» жарысы 29 маусым күні Корсика аралынан басталып, 18 шілде күні «Альп-Юэз» тауында мәресіне жететін болады. Осы үш аптаға созылған жарыс барысында спортшылар сегізінші және тоғызыншы маусым күндері дем алады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: sports.kz