Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісі бойынша Галина Воскобоева Қазақстанның бірінші нөмірлі ракеткасы атанды.
Бұл Воскобоева рейтингте 70-тен 68-ші орынға көтерілгеннен кейін анықталып отыр. Ал Ярослава Шведова 64-тен бірден 75-ші орынға сырғыды. Айта кету керек, Воскобоева қазір жарақатына байланысты жарыстардан шет қалған. Отандық тағы бір теннисші қыз Зарина Дияс екі саты жоғалтып, 89-шы орынға тұрақтаса, Юлия Путинцева 150-ден 152-ге орынға құлдырады. Ал Сесиль Каратанчева болса 175-ші орнын сақтап қалды.
Ерлер арасында Андрей Голубев кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингісінде 61-ден 59-шы орынға көтерілсе, Кукушкин 60-шы орнын сақтап қалды. Осылайша Андрей Голубев ерлер арасында еліміздің бірінші нөмірлі ракеткасы атанып отыр.
Әйелдер арасындағы рейтингте америкалық Серена Уильямс көш басында келеді. Одан кейінгі орындарға Ли На мен Агнешка Радванска орналасса, ресейлік Мария Шарапова Мадридтегі жеңісінен кейін жетінші орынға жоғарылады.
WTA рейтингісі. ТОП-10, 12 мамыр:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) – 11590 ұпай,
2 (2). Ли На (Қытай) - 7475,
3 (3). Агнешка Радванска (Польша) - 6290,
4 (4). Виктория Азаренко (Беларусь) - 5361,
5 (5). Симона Халеп (Румыния) - 5340,
6 (6). Петра Квитова (Чехия) - 4605,
7 (9). Мария Шарапова (Ресей) - 4261,
8 (7). Елена Янкович (Сербия) - 4130,
9 (8). Ангелика Кербер (Германия) - 3770,
10 (10). Доминика Цибулкова (Словакия) - 3760.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: kapital.kz