Винокуров Парижде ота жасатты

Ақерке Әбілхан Корреспондент
Ақерке Әбілхан>
Винокуров Парижде ота жасатты

Қазақстандық БАҚ өкілдері спрортшының Парижде ота жасатқаны туралы мәлімдеуде. Франция астанасында жасалған операцияда мықты мамандар велоспортшының жамбасына салынған метал құрылғыны алған. 2011 жылғы «Тур де Франс» ойындарынан кейін жарақат алған Александр Винокуров енді мүлде спорттан бас тартатынын мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ

11. 07. 2011 жыл

Саша мәреге 98 шақырым қалғанда жол үстінде құлап қалған болатын. Бүгінгі отаның осы ойынмен қатысы бар. Өйткені сол кезде төсек тартып қалған спортшы жамбасына метал құрылғы салуға мәжбүр болған. Кейіннен денсаулығы қалпына келген ол Лондон олимпиадасына қатысып, алтын медальді тағып келген болатын


"Маған кеше Парижде ота жасалды. Жамбасымдағы метал құрылғыдан құтылдым. Тағы да көп қан жоғалттым. Тағы да балдақпен жүруге тура келеді. Қазір демалып жатырмын" - дейді Винокуров басылымдарға берген кішігірім сұхбатында. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: astanafans.com