«Джиро-д-Италия» велокөпкүндігінің жеңімпазы италиялық Винченцо Нибали «Астана» велокомандасымен 2016 жылға дейін келісімге қол қойды.
Бұл туралы Винченцо Нибали мен команданың бас менеджерi Александр Винокуровтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
«Енді команданың алдына қойған басты мақсаты - осы жылы өтетін Вуэльта веложарысын және келесі жылы жалауын желбірететін мәртебелі «Тур де Франс» велобәйгесін жеңу»,- деді жиын барсында Александр Винокуров.
Шараның соңында команда мүшелерін беделді «Джиро-д-Италия жарысындағы жеңістерімен «Астана» велоклубының бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Өмірзақ Шөкеев құттықтады.
«Астана» командасымен келісімшартты ұзартқаныма өте қуаныштымын. Ол маған деген сенім. Алдағы уақытта осы сенімді ақтаймын деген үміттемін»,- дейді «Джиро-д-Италия» велокөпкүндігінің жеңімпазы Винченцо Нибали.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz