Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында екінші рет жеңіс тұғырынан көрінді. Отандасымыз 200 метрлік қашықтыққа жүгірудебірінші болып келді.
Виктория Зябкина кеше 100 метрлік қашықтыққа жүгіруде де бірінші болып келіп, алтыннан алқа таққан болатын. Бүгін отандасымыз 200 метрлік қашықтықта да алдына жан салмады. Ол бұл қашықтықты 22,77 секундта жүгіріп өтті. Күміс америкалық Акейл Митчеллге бұйырса, қоланы ямайкалық Сабрина Даллас иеленді.
Айта кетейік, Виктория Зябкина 200 метр қашықтыққа жүгіруде ел чемпионатының рекордын орнатқан. Сондай-ақ, 2014 жылы Инчхонда өткен Азия ойындарының эстафеталық сынында күміс жүлдегер атанған болатын.