Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Венгрияда бір боксшымыз ғана жеңімпаз тұғырынан көрінді
Фото ©️ kfb.kz

Венгрияның Дебрецен қаласында дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатқан «Иштван Боскай» атындағы халықаралық турнир мәресіне жетті. Жарысқа аттанған бес боксшымыздың төртеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді.

БӨЛІСУ

Халыаралық турнирде 29 елден 168 былғары қолғап шебері бақ сынады. Қазақстандық төрт боксшы финалға дейін жетті. Ал Әлімхан Аманкүл жарысты ширек финалда аяқтады.

Финалға шыққан төрт боксшымыздың біреуі ғана жеңіс тұғырынан көріне алды. 64 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов әзірбайжандық Сотомайор Лоренцоны жеңіп, чемпион атанды. Ал Ілияс Сүлейменов (52 келі), Шалқар Айқынбай (49 келі) және Али Ахмедов (81 келі) күмісті қанағат тұтты.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы 1 алтын 2 қола жеңіп алған еді. Ал 2014 жылы болса үш боксшымыз жеңіс тұғырынан көрінген болатын.