Заманымыздың үздік велошабандозы Лэнс Армстронг бір күн ішінде бүкіл спорттық ғұмырындағы жиған-терген атақ-даңқынан айырылып тынды. Әйгілі велошабандоздың түбіне жеткен - допингілік дау-дамай.
Осыдан жеті-сегіз күн бұрын Американың допингке қарсы агенттігі Лэнс Армстронгкке қатысты қылмыстық іс қозғаған. Олар мың беттен тұратын баяндаманы халықаралық велошабандоздар одағына өткізген. Істің анық-қанығына жеткен халықаралық ұйым велошабандозды кінәлі деп тауып, оның 1998 –2005 жылдар арасындағы жеңістерін толығымен жойып қана қоймай, өмірінің соңына дейін спорттан аластатты. Осы жылдар ішінде ең мәртебелі велодода “Тур де Франстың” жеті дүркін жеңімпазы атанған Лэнс Армстронг, енді осы жеңістері үшін алған сыйақыларын да қайтарып беруі тиіс. Есепке жүгінсек, бұл сыйақының көлемі 3 млн долларды құрайды.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: tengrinews.kz