Василий Ломаченко екі бірдей салмақта чемпиондық атаққа ие болды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Василий Ломаченко екі бірдей салмақта чемпиондық атаққа ие болды
Фото ©️ vk.com

Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко жеңіл салмақта WBA чемпиондық атағын жеңіп алды. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде ол венесуэлалық боксшы Хорхе Линаресті (44-3, 27 КО) жеңді.

БӨЛІСУ

Жекпе-жек Нью-Йорктегі "Madison Square Garden" аренасында өтті. Украиналық боксшы қарсыласын 10 раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Василий Ломаченко 6 раундта нокдаун алғанмен, жылдам есін жия білді.

Айта кетейік, украиналық екі бірдей салмақта чемпиондық атаққа ие болған боксшы атанды. Ол екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпиондық белбеуіне ие. Сондай-ақ ол 2014-2016 жылдар аралығында жартылай жеңіл салмақта WBO чемпионы болған. 12 жекпе-жекте осындай атаққа қол жеткізген бірден-бір боксшы.