Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит жеңімпаз атанды.
БӨЛІСУ
Отандасымыз финалда үнді боксшысы Сумит Сангванды жеңді. Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салып, үш дүркін Азия чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық боксшы болды.
Айта кетейік, 81 келіге дейінгі салмақта Ерік Əлжанов күміс жүлдеге ие болды. 7 мамыр күні Абылайхан Жүсіпов пен Қамшыбек Қоңқабаев чемпиондық атаққа таласады.