Ямайкалық желаяқтар Усейн Болт пен Шелли-Энн Фрейзер-Прайс "Жылдың жеңіл атлетшілері" атанды. Бұл туралы халықаралық атлетика қауымдастығының ресми сайты мәлімдеді.
Жиырма алты жастағы Фрейзер-Прайс үшін бұл сыйлық бірінші рет ұсынылып отыр. Ал өз кезегінде, 100 және 200 метрге жүгіруден 6 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем рекордшысы Болт бесінші рет "Жылдың ең үздік атлетшісі" атағына ұсынылуда.
Естеріңізге сала кетсек, Мәскеуде өткен жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 27 жастағы Болт пен 26 жастағы Фрейзер-Прайс өз жүгіру қашықтықтарында (100 м., 200 м. және 4х100 м. эстафета) үш алтын алған болатын.
Дайындаған: Әкежан Дәкен
сурет: telegraf.com.ua