2017 жылғы Алматыдағы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ұйымдастыру комитеті "Эйр Астана" ұлттық тасымалдаушы компаниясымен ынтымақтастық жөнінде келісім-шарт жасасты. Аталған компанияның президенті Питер Фостер мен Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нуров құжаттарға қол қойып, ресми серіктес деп танылды.
Келісім-шарт негізінде, "Эйр Астана" компаниясы халықаралық әуе рейістеріне спортшылар мен дирекцияның ресми делегация өкілдеріне айтарлықтай жеңілдік жасайтыны белгілі болды. Сонымен қатар эстафета алауын Астанадан өзге 15 өңір мен Алматы қаласына тасмалдауға да өз көмегін тигізеді.
Естеріңізге сала кетейік Алматыдағы Универсиада ойындары 2017 жылдың 28 қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында өтеді.