Универсиада - 2017. Юлия Галышева жеңімпаз атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Универсиада - 2017. Юлия Галышева жеңімпаз атанды
Фото ©️ massaget.kz

Қазақстандық могулшы Юлия Галышева 28-ші қысқы Универсиаданың алтын медалін жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Финалда Галышева 73.80 ұпай жинады. Күміс медальді ресейлік Анастасия Первушина (62.13), ал қола австриялық Катарине Рамзауэрге (52.05) бұйырды.

Еске салайық, іріктеу сайысының қорытындысы бойынша Юлия Галышева 67,06 балл жинап, финалға шыққан болатын. 

Бұл Қазақстан құрамасының Универсиада ойындарында алып отырған төртінші алтын жүлдесі. Осылайша біздің құрамада 10 жүлде (4 алты, 2 күміс, 4 қола) болды.