Универсиада - 2017. Роман Креч жүлделі орынға іліге алмады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Универсиада - 2017. Роман Креч жүлделі орынға іліге алмады
Фото ©️ massaget.kz

«Медеуде» 500 метрге конькимен жүгіруден  ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Қазақстандықтар конькишілер жүлделі орыннан көріне алмады.

БӨЛІСУ

Ерлер арасындағы бұл сынға елімідің атынан Дарсиль Эссамамбо, Артем Крикунов, Станислав Палкин мен Роман Креч қатысты. Ел үміт артқан отандасымыз Роман Креч екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 71.72 (36.002 + 35.72) уақыт көрсеткішін көрсетіп, 7-орын алды. 

Артем Крикунов 9-орын, Станислав Палкин 12-орынға ие болды. 

Дарсил Ессамамбо болса 72,75 (36.16 + 36.59) уақыт көрсеткішімен 13-орынға жайғасты. 


500 метрге конькимен жүгіру сайысында жапон жігіті Кото Накао 70.76 (35.35+35.40) уақытымен  топ жарса, көрей жігіті Ким Юн Джин 71.13 (35.63 + 35.49) уақыт көрсетіп,  екінші орын алды. Үшінші орын тағы бір жапон жігі Татсуя Шинхамаға (71.42 - 35.73 + 35.69) бұйырды.