Алматыда өтіп жатқан ХХVIII қысқы Универсиада ойындарының алғашқы жеңімпаздары марапатталды. Аталған шарада ел қоржынына жүлде салған үш аруға медальдары табыс етілді. Фристайл-акробатикадан қазақстандық Жібек Арапбаева күміске қол жеткізсе, Жанбота Алдабергенова қола медальдан алқа тақты. Сондай-ақ Анна Шевченконың да шаңғы жарысынан иемденген қола медалі табысталды.
Республика сарайының алдында өткен марапаттау рәсімінен қысқаша фотолар ұсынамыз.
Назарларыңызда күміс жүлденің иесі отандасымыз - Жібек Арапбаева.
Фристайл-акробатикадан қола жүлдені еншісіне байлаған - Жанбота Алдабергенова
Тау шаңғысынан қола жүлдені қанжығасына байлаған Анна Шевченко қуанышын жасыра алмады. Оның күміс жүлдеден бар болғаны 2 секунд қана бөлді.
Ресейге алтын сыйлаған ару, қарсыластарымен бірге суретке түсуде.
Аннаның алдын ораған қос ресейлік.
Италия құрамасының қоржынына жүлде салған спортшы - Тентори Микелангело.