Универсиада - 2017. Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Универсиада - 2017. Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті
Фото ©️ massaget.kz

Қазақстандық фристайлшылар Бағлан Іңкәрбек пен Жанбота Алдабергенова командалық сында жеңімпаз атанды. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен екінші алтын жүлде.

БӨЛІСУ

Фристайлдың акробатика сынынан өткен командалық аралас микс сынына Қазақстаннан екі команда қатысты. Бір команда (Дархан Мұхамеджанов пен Ақмаржан Қалмұрзаева) іріктеуден өте алмаса, екінші команда финалдық кезеңге өтті. Финалда Қытайдан екі команда, Қазақстаннан бір команда бақ сынады. Нәтижесінде Бағлан мен Жанбота өз жаттығуларын жоғары деңгейде орындап, жеңіс тұғырынан көрінді. Отандастарымыз 167,05 ұпайға ие болды. Ал қытайлық командалар 113,02 және 87,77 ұпай нәтижелерімен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, осыған дейін биатлоншы Алина Ракова алтын медаль жеңіп алған еді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2 алтын 2 күміс 4 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға көтерілді.