"Универсиада-2017" қарсаңында Алматыда екі Мұз сарайы салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.
«Алдағы XXVIII Қысқы Бүкіләлемдік Универсиада қарсаңында қысқы спорт түрлері бойынша спорттық резервті дайындау, қысқы спорт түрлері бойынша жастарға арналған спорт мектептері мен бөлімшелері желісін одан әрі дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. «Универсиада-2017» шарасына арнайы екі мұз аренасы салынуда: Алатау ауданында салынатын 12 мың орындық Мұз аренасы мен Медеу ауданында орын тебетін 3 мың орындық мұз аренасы», — деп атап өтті А.Мұхамедиұлы министрліктің алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, Бүкіләлемдік Универсиада 2017 жылы 28 қаңтардан 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді.
Дереккөз: kazinform