Алматыдағы ХХVIII қысқы Универсиада ойындары жалғасуда. Назарларыңызға бүгін өтетін ойындар кестесін ұсынамыз.
Бүгін мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен жарыс жолына шығады. Ол қысқа бағдарламадағы өнерін көрсететін болады. Сондай-ақ фристайлшылар Юлия Галышева, Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков паралелльді могул бойынша сынға түседі. Биатлоннан із қуа жарысуда Алина Райкова, Галина Вишневская мен Роман Ереминнен жүлде күтеміз.
Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең.
Құрамалар: Қазақстан - Канада (әйелдер), Қазақстан - Норвегия (ерлер), Қазақстан - Швейцария (әйелдер);
Басталуы: Бірінші кездесу 09:00-де, екіншісі 14:00-де және үшіншісі 19:00-де.
Спорт түрі: Биатлон. Із қуып жарысу. Ерлер (12,5 шақырым), әйелдер (10 шақырым);
Қатысушылар (Қазақстаннан): Анна Кистанова, Алина Райкова, Галина Вишневская, Анастасия Кондратьева, Елизавета Бельченко, Дарья Усанова, Антон Пантов, Владислав Витенко, Тимур Куц, Максим Браун, Василий Подкорытов, Роман Еремин;
Басталуы: Әйелдер жарысы 12.00-де, ерлердікі 14:00-де (Хабар)
Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Масс-старт. Ерлер, әйелдер;
Қатысушылар: Чингиз Ракпаров, Әли Айбек, Расул Гайрбеков, Вячеслав Бочкарев, Эльдар Орусаев;
Басталуы: Шаңғы кезеңі 10.00-де, тұғырдан секіру 14.30-да (Хабар)
Спорт түрі: Таушаңғы спорты. Әйелдер. Слалом-гигант;
Қатысушы: Мария Егорова;
Басталуы: 10.00-де.
Спорт түрі: Фристайл. Параллельді могул (DM);
Қатысушылар: Юлия Галышева, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Александр Геберт, Константин Горлачев;
Басталуы: Әйелдер жарысы 10.30-да, ерлердікі 11.00-де (KazSport).
Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. Ерлер (1000 метр), әйелдер (5000 метр);
Қатысушылар: Иван Аржаников, Роман Креч, Татьяна Климчук, Федор Мезенцев, Станислав Палкин;
Басталуы: Әйелдер жарысы 11.00-де, ерлердікі 13.00-де (KazSport).
Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер. Қысқа бағдарлама;
Қатысушылар: Денис Тен, Абзал Рахымғалиев, Артур Панихин;
Басталуы: 14.50-де (Қазақстан)
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Ойнайтын құрамалар: Ресей - Жапония;
Басталуы: Басталуы 16.00-де.
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең;
Ойнайтын құрамалар: Чехия - Қазақстан;
Басталуы: Басталуы 19.30-да (Хабар)
"Шымбұлақта» фристайл және тау шаңғысы спортынан жарыстар өтеді. Конькимен жүгіру спорты "Медеу" мұз айдынында, керлинг - "Алматы Аренада", ерлер хоккейі - "Халық аренада", әйелдер хоккейі - Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтеді. Биатлон мен шаңғы қоссайысы "Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде өтеді. Мәнерлеп сырғанау "Алматы Аренада", ал шаңғымен тұғырдан секіру "Сұңқар" ХШТК-де өтеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында 6 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді.