Ұлттық құраманың екі бірдей боксшысы салмақ ауыстырды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ұлттық құраманың екі бірдей боксшысы салмақ ауыстырды
Фото ©️ olympic.kz

Бокстан Амманда өтетін Азия чемпионаты қарсаңында қазақстандық танымал боксшылар Махмұд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырды. Бұл туралы құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов ҚР ҰОК сайтына берген сұхбатында мәлімдеді. 

БӨЛІСУ

Азия чемпионатына құрама сапында ең мықты боксшылар аттанады. Бірер боксшының да салмақ дәрежесі ауыспақ. 

48 келіде Санжар Тәшкенбай мен Теміртас Жүсіпов, 51 келіде Сәкен Бибосынов пен Дамир Әбдіхалықов арасында өзара мықты атанған боксшыларға басымдық береміз. 

Махмұд Сабырхан да 54 келіде күш сынап көретінін айтты. Серік Теміржанов 60 келіге, Айбек Оралбай +92 келіге ауысып жатыр. Қамшыбек екеуін бақылаймыз, егер Қоңқабаевтың салмағы аздау боп жатса, 92 келіге түсірерміз. Мұның бәрі алдағы уақыттың еншісінде. Салмақ бойынша осындай жаңалықтар бар", - деді бапкер.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Махмұд Сабырхан 57 келіде, Айбек Оралбай 92 келіде сынға түскен болатын.