Ресейлік маман Александр Бородюк Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне шақырту алды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлап отыр.
БӨЛІСУ
50 жастағы Александр Бородюк Ресей ұлттық құрамасының бапкерлік құрамында қызмет атқарған. Жастар құрамасының ойынына да өз жүйесін енгізген маман. Қазіргі таңда мәскеулік «Торпедо» футбол клубының бас бапкері. Әзірге ресейлік маман ойлану үстінде. Қаңтар айына дейін өз жауабын бермек.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: news.sportbox.ru