Ұлттық құрама бапкері екі күннен кейін белгілі болады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ұлттық құрама бапкері екі күннен кейін белгілі болады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері 7 ақпан күні белгілі болатын болды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты хабарлап отыр. 

БӨЛІСУ

Әзірге жаңадан келіп, ұлттық құрама тізгінін ұстайтын бапкердің есімі белгісіз. Үміткерлердің қатарында Ресей құрамасы экс-бапкері Гус Хиддинктің көмекшісі Александр Бородюк, Армения ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Вардан Минасян, ресейлік бапкер Юрий Красножан және қазандық "Рубинның" бас бапкерлігі қызметін бірнеше ай бұрын босатқан Құрбан Бердыев бар. 

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері 7 ақпан күні Астанадағы «Rixos President Astana» қонақүйінде таныстырылатын болды. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: lada.kz