Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатының ширек финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Ұлжан Сәрсенбек Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Фото ©️ kfb.kz

57 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Чианг Мэйде (Тайланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде украиналық Карина Вовктан айқын басым болып шықты. Есеп - 5:0.

Ұлжан ширек финалда вьетнамдық Нгуен Хуен Чанмен жұдырықтасады. Ол жарыстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. 

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова денсаулығына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартқан еді.