Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Юлия Путинцева шөп төсенішінде өтіп жатқан "Үлкен дулыға" турнирінің алғашқы айналымында неміс спортшысы Анжелика Кербермен (WTA рейтингісінде 221-орын) шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 19 минутқа созылды.
Кербер "Үлкен дулыға" турнирлерінде үш рет жеңіске жеткен (Roland Garros 2016, US Open 2016, Wimbledon 2018).
Айта кетейік, Путинцева 1/32 финалда Марина Стакусич (Канада) - Катерина Синякова (Чехия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирін жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!