Уильям мен Гарри ханзадалар марафонда жарысты

Айымгүл Оралқызы Корреспондент
Айымгүл Оралқызы>
Уильям мен Гарри ханзадалар марафонда жарысты
Фото ©️ www.harpersbazaar.com

Ұлыбританияның Корольдік отбасы мүшелері марафонда жүгіріп өтті. Атап айтқанда, Кембридж герцогі Уильям мен оның жұбайы Кейт Миддлтон және Гарри ханзада осы әрекеттері арқылы барша адамзатты сәуір айында өтетін 2017 Virgin Money London Marathon Charity of the Year қайырымдылық шарасына қатысуға шақырды.

БӨЛІСУ

Ақсүйектер отбасылық сайтында былай деп мәлімдеді: "Сәуір айында Лондон қаласында өтетін марафонға жүздеген еріктінің қатысуын асыға күтеміз. Қайырымдылық шарасы көптеген мұқтаж жанға көмек болары анық".

Естеріңізге сала кетейік, Лондон марафоны (London Marathon) — жыл сайын көктемде Лондон қаласында өтетін ауқымды марафон. 1981 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұл – әлемдегі ең танымал әрі қайырымдылыққа үлкен көлемде қаржы жинайтын шара. 2005 жылы AIMS қатарынан шығып, 5 марафоннан тұратын World Marathon Majors лигасын ұйымдастырды.