«Уфа» бас бапкері: Сейдахмет пен Мессидің арасы жер мен көктей

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
«Уфа» бас бапкері: Сейдахмет пен Мессидің арасы жер мен көктей
Фото ©️ prosports.kz

Башқұртстан клубы Ресей чемпионатының көктемгі маусымын сәтті бастады. «Уфаның» бас бапкері өз сұхбатында қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметті көпшіліктің Мессимен салыстыруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі m.sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

«Уфаның» бас бапкері Сергей Семак қазақстандық футболшы Еркебұлан Сейдахметтің алаңдағы ойынына баға берді. Оның алаңдағы қимыл-қозғалысының жақсы екеніне қарамастан, әлі де көп тәжірибе жинауы керектігін айтып өтті.

«Футболшының алаңдағы қимыл-қозғалысы ұнады. Тіпті, Сейдахмет біздің гол соғу үшін ұйымдастырған шабуылдарымызға қатысты. Оның жас әрі көп нәрсені үйренуі керек екенін түсініп отырмыз. Еркебұланға әлі шыңдала түсу қажет. Жаттықтырушылар штабы оның мамандар мен жанкүйерлер алдында өзін жақсы қырынан көрсете білуі үшін аянбай еңбектенетін болады», - дейді бас бапкер.

Сондай-ақ, бапкер Еркебұлан Сейдатметтің «Қазақ Мессиі» деген атқа лайық болуы үшін әлі де көп еңбектенуі керектігіне назар аударды.

«Көреміз. Сырт келбеті ұқсайды - бойы орташа, техникасы да мықты. Ал Мессимен оның қаншалықты теңесетінін тек уақыт көрсетеді. Лионель - тамаша футболшы, әзірге Сейдахмет екеуінің арасы жер мен көктей», - дейді Сергей Семак.

Дереккөз: prosports.kz