Бүгін Афиныда Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағының кезектен тыс Конгрессі өтіп, жаңа президенттің есімі белгілі болды. Бұл қызметке словениялық маман Александер Чеферин сайланды.
Александер Чеферинді 55 ұлттық қауымдастықтың (федерацияның) 42-ісі қолдап, дауыс берген. Ал екінші үміткер Михаэл ван Прааг (Нидерланды) 13 дауыс қана жинады.
Словениялық маман 2011 жылдан бері УЕФА-ның Заң комитетінде екінші және үшінші вице-президент қызметін атқарған. Ол словен, ағылшын және итальян тілдерін еркін меңгерген. Алдағы 2,5 жылда қауымдастықты басқаратын болады.
Айта кетейік, соңғы рет УЕФА-ның президенті қызметін ресми түрде Мишель Платини атқарып келген. 2015 жылы Мишель мен ФИФА президенті Йозеф Блаттер сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін футболдан 8 жылға шеттетілген болатын. Кейіннен 2 жылдары қысқарған-ды.