УЕФА "Астана" – "Бенфика" матчында автокөлік пен өзге сыйлықтарды ойнатуға рұқсат бермеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" ПКСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, "Астана" мен "Бенфика" футбол клубтарының арасында өтетін матчта құнды заттарды ойнатудан бас тартатынымызды хабарлаймыз, себебі УЕФА өкілдері бұл акцияны өткізуге рұқсат берген жоқ", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін "Астана" – "Бенфика" матчында көрермендердің біріне автокөліктің бұйыруы мүмкін екені хабарланды. Сонымен қатар, 25 қарашада "Галатасарай" – "Астана" матчына жолдама және өзге де сыйлықтарды ойнату жоспарланды.
Алайда матчтың ұйымдастырушылары жанкүйерлерге өзге бір акцияны ұсынды – матчқа екі билет сатып алған адамға үшіншісі сыйлыққа беріледі.
"Астананың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңындағы соңғы ойыны 25 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді.