27-28 сәуірде алғаш рет Түркістан облысы Кентау қаласында Elite санатындағы (кәсіби) спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогінің І кезеңі өтеді.
Триатлоннан Қазақстан Республикасының І кезеңі – Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен өткізілетін кәсіби спортшылар арасындағы ұлттық турнир. Бірніші жарыс күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Ақмола, Қостанай, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген 13 жастан асқан 70 спортшы сынға түседі.
13 жас пен 16 жас аралығындағы спортшылар "супер-спринт" қашықтығында, яғни 300 м жүзу + 8 км веложарыс + 2 км жүгіруден жарысатын болса, 16 жастан асқан спортшылар "спринт" қашықтығында – 750 м жүзу + 20 км веложарыс + 5 км жүгіруден сайысқа түсетін болады.
Ал екінші күні триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар арасында дуатлоннан "TEMIRADAM" Кубогінің І кезеңі өткізілетін болады.
Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген 70-ке жуық спортшылар "TEMIRADAM" Кубогі аясында рейтингтік ұпайлар үшін бәсекеге түседі. Мәре сызығын кесіп өту үшін Age Group санатындағы спортшылар 5 км жүгіру, 20 км веложарыс және 2,5 км жүгіруден құралған "спринтерлік" қашықтықты тоқтамастан бағындырулары қажет.
Жарыстың мақсаты үздік спортшыларды анықтау, қазақстандық кәсіби спортшылардың біліктілігі мен шеберлік деңгейлерін арттыру, Қазақстан Республикасында триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау болып саналады.
Жарысты ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, Түркістан облысы әкімдігі, Қазақстандық Триатлон Федерациясы ұйымдастыруда. Бас серіктес – "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, әлеуметтік серіктес - "Samruk Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
Жарыс Түркістан облысы, Кентау қаласындағы "Қошқорған" су қоймасы аумағында өтеді.