Түркістан облысы Шардара ауданында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
БӨЛІСУ
Телеарна мәліметінше, BMW 5251 көлігі тасжолдан шығып кетіп, сайға аударылған.
"Жетісай қаласы бағытында келе жатқан BMW 525 автокөлігі жолдың оң жағына шығып кетіп, аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам: жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты", - делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" ретінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.