Түркияда дзюдодан «Гран-При» халықаралық турнирі басталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Түркияда дзюдодан «Гран-При» халықаралық турнирі басталды

Бүгін дзюдодан Түркияның Самсун қаласында Гран-При халықаралық турнирі басталды. Жарысқа Қазақстан құрамасымен қатар, 68 елден 499 (311 ерлер мен 188 әйелдер) спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл туралы дзюдо федерациясының ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

29-наурызда мәресіне жететін Түркиядағы «Гран-При» турнирінде еліміздің намысын төмендегі дзюдошылар қорғайды:

Ерлер – Айбек Имашев, Құмар Қырғызбаев (екеуі де – 60 келі), Елдос Жұмақанов, Сергей Лим (екеуі де – 66 келі), Арман Махамбетов (73 келі), Ринат Ибрагимов (81 келі), Тимур Болат, Ислам Бозбаев (90 келі) және Айбек Серікбаев (100 келі);

Қыздар – Линария Мингазова, Әсел Қайсарова (екеуі де – 52 келі), Назгүл Құбашева (57 келі), Мәриям Ордабаева (63 келі), Ділбар Өмірәлиева (70 келі), Зарина Раифова (78 келі), Гүлжан Исанова, Зарина Әбдірасулова (екеуі де – 78 келіден жоғары). 

Айта кетейік, осыған дейін Германияның Бремен каласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы өткен болатын. 900 дзюдошы қатысқан халықаралық турнирден Қазақстан жастары үш қола жүлде еншілеп қайтқан-ды. Жүлделі орыннан Бауыржан Жауынтаев (60 келі), Ерлан Серікжанов (66 келі) және Еламан Ерғалиев (100 келі) көрінген еді.

Сурет: confederation.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстан мен Ресей велоспортты бірлесе дамыту туралы меморандум орнатты

«Арландардың» АҚШ-та шаршы алаңға шығатын құрамы белгілі болды

Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған

Бағы жанбай жүрген бапкерлер