Туған күніңмен, Чемпион!

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
ЮРИЙ НИКУЛЛИН>
Туған күніңмен, Чемпион!

Бүгін Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының үш дүркін чемпионы Илья Ильин 25 жасқа толып отыр.

БӨЛІСУ

Қызылорда облысының тумасы өзінің қайтпас та қайсар мінезі арқылы спортта көптеген табыстарға жетуге болатынын сөзсіз дәлелді. Алдағы уақытта Рио-де-Жанейрода да дәлелдейді деген сенімдеміз. Ол Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш екі дүркін Олимпида ойындарының чемпионы. Сонымен қатар Владимир Смирновтан кейінгі үш рет ауыр атлетикадан Әлем чемпионы атанған, қазақ жерінен шыққан екінші спортшы.

25 жасар Илья бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы. Ал 2005 және 2006 жылары Әлемнің үздік ауыр атлеті деген атақты ұтып алған. 2011 жылғы Әлем біріншілігінде топ жарған соң, ол «Құрмет» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. 2012 жылғы Ұлыбритания астанасы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында топ жарған кезде Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Ильинге «Отан» деген құрметті орденді табыс етті.

Осы орайда, Массагет ойын-сауық порталы Илья Ильинді шын жүрекпен туған күнімен құттықтайды. Ильяға зор денсаулық, қажымас қайрат және отбасылық бақыт тілейміз. 

Уалихан Қосанбай

Сурет: sports.kz