Халықаралық бокс федерациясы қараша айының рейтингін жариялады. Алматыда өткен Әлем чемпионатында алтыннан алқа таққан 3 бірдей боксшымызбен қатар, Әділбек Ниязымбетов өз салмақ дәрежелерінде тізгінді қолға алды. Бұл туралы alaman.kz сайты хабарлап отыр.
49 келіде өнер көрсететін Біржан Жақыпов 8 саты, 69 келіде Данияр Елеусінов 5 саты, 75 келіде Жәнібек Әлімханұлы 7 саты, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов 1 саты жоғарылап, өз салмақ дәрежелерінде көш бастады.
Мерей Ақшалов (64 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) екінші сатыдан көрінсе, 60 келіде Берік Әбдірахманов үшінші орында келеді. Сонымен қатар, 56 келіде Қайрат Ералиев 7 орында, 91 келіде Антон Пинчук 11 орында, ал 52 келідегі Ілияс Сүлейменов 18 орындарға жайғасқан.
АИБА ұсынған қараша айындағы боксшылардың рейтингін мына сілтемеден көре аласыздар.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz